Бұл туралы қалалық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді. Ол Алматыда карантиндік шараларды жеңілдету «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткеннен кейін жеті күннен кешіктірілмей, яғни 21 қарашадан бастап, «жасыл» аймақта тұрақты болған жағдайда енгізілетінін айтты.
«Жасыл» аймақта «Ашық» нысандарының жұмыс уақыты екі сағатқа, яғни «Ашық көшбасшылары» жұмыс уақытын сағат 05:00-ге дейін, басқа «Ашық» қатысушылары 03:00-ге дейін жұмыс істей алатын болады. Тиісінше келушілер саны да артады»,- деді Сәдуақас Байғабылов.Сондай-ақ, оның айтуынша, «жасыл» мәртебе сақталып тұрған жағдайда келесі іс-шараларға да рұқсат етіледі. Отбасылық еске алуларға, салтанатты іс-шаралар, (банкеттерді, үйлену тойларын, мерейтойларды) өткізу – 50 %-ға дейін, бірақ адам саны 100 орыннан аспауы керек; көп адам жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шаралар – 50%-ға дейін, келушілер саны 100-ден аспауы тиіс; көрмелер – келушілер саны сыйымдылықтың 70%-дан көп емес, бірақ бір уақытта 500 келушілерден аспайды; көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар – толтыру деңгейі 80%-дан аспайды. Сондай-ақ Байғабыловтың айтуынша, 21 қарашаға дейін «сары» аймақтың шарттары бойынша, Ашық нысандарының жұмысын шектеу режимі сақталады.
Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы