Жансель Дениз халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды
Жансель Дениз халықаралық турнирде қола медаль жеңіп алды
Фото: 24.kz
164
оқылды
Франция астанасы Парижде таэәквондодан «French ECOpen 2021» халықаралық турнирі аяқталды. Аталған сынға қазақстандық спортшылар да қатысты деп хабарлайды Olympic.kz.  Жарыс қорытындысы бойынша, қазақстандық Жансель Дениз қола медаль жеңіп алды. 73 келіде сынға түскен Жансель жартылай финалда германиялық қарсыласынан 16:23 есебімен ұтылып қалды. Айта кетелік, G-1 санатындағы турнирге жалпы есебі 450 спортшы қатысты.