Синоптиктер 16 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер Маңғыстау облысында көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді деп болжап отыр. Алматы облысының оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман, көктайғақ болады, облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 25 м/с жетеді. Атырау облысының солтүстігінде, орталығында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтілуде. Облыстың батысы мен шығысында боран соғып, жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында түнде – көктайғақ, облыстың батысында – тұман, облыстың оңтүстігінде – жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда облысының орталығында – тұман, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде – 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады, облыстың батысында – 15-20 м/с дейін жел күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстік-батысында тұман, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады.