ШҚО тас жолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

ШҚО тас жолдарында ауа райына байланысты көлік қозғалысы шектелді

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылуына байланысты автожолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады. Бүгін сағат 19:40-тан бастап көктайғақ және жолдағы қауіпке байланысты «Өскемен – Шемонаиха - РФ шекарасы» автожолының келесі учаскелерінде тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері, сондай-ақ жолаушы таситын көліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді. Атап айтқанда: 15-102 шақырымдағы учаскеде (Глубокое бұрылысынан Шемонаиха кентіне дейін); 105-123 шақырымдағы учаскеде (Шемонаиха кенті – РФ шекарасы)