Алматыда оқушылар таспен бірнеше автобустың терезесін сындырған
Алматыда оқушылар таспен бірнеше автобустың терезесін сындырған
Фото: Inform.kz
127
оқылды

Алматыда автобус терезелерін сындырған жасөспірімдер ұсталып, олардың ата-анасы жауапқа тартылды.

Полицейлер тексеру жүргізіп, бұзақылардың орта мектеп оқушылары екенін анықтады.
"Тексеру барысында бұзақылар анықталды. Олар – қала мектептерінің бірінің 7-9-сынып оқушылары. Олар біздің ауданда тұрады. Балалардың заңсыз әрекеттері үшін олардың ата-анасы Әкімшілік кодекстің 435-бабына (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) сәйкес жауапкершілікке тартылды. Бұл норманың санкциясы 7 АЕК (20 419 теңге – ред.) көлемінде айыппұл салуды қарастырады", – деді Алатау аудандық полиция басқармасы бастығы, полиция полковнигі Ілияс Өмірсеріков. 
Сонымен қатар, жасөспірімдер ювеналды полицияның есебіне қойылған.