Ерекше балаларға «Болашақ» қорының қолдауы

Ерекше балаларға «Болашақ» қорының қолдауы

«Болашақ» қоры бастама­шы­лық еткен «Әр бала мектепке ба­ру­­­ға лайықты» жобасы аясында аутизм­мен ауыратын және басқа да мен­талды бұзылыстары бар 600 бала мектепке баруға мүмкін­дік алды, ал 20 бала жетектеп жү­­ру­­ді қажет етпей, сыныпта өз бе­тін­­ше білім ала алатын жағ­дай­ға жетті. Болашақтықтар 6 жыл ішінде 22 қалада 43 инклюзияны қолдау каби­нетін ашып, жабдықтады. Онда 284 педагог-ассистент жұмыс істейді. Олар даму ерекшеліктері бар 600 баланың оқуына, әлеуметтенуіне, өз бетінше білім алуына көмектеседі. «Әр бала мектепке лайықты» жо­басының ықпалымен вербалды емес балалардың 90%-ы сөйлеуді үйренді, ал даму ерекшеліктері бар 50 бала мектеп, қалалық, облыстық жарыстар мен олимпиадалардың жүлдегері атан­ды. 2000 маман мен ата-ана инклюзивті білім беру және мінез-құлықты қол­дан­балы талдау бойынша оқытудан өтті. Болашақтықтардың сараптамалық қолдауымен Нұрсұлтан Назарбаев қоры еліміздің 8 өңірінде тағы 16 ин­клю­зияны қолдау кабинетін ашты. «Болашақ» қорының айтуынша, педагог-ассистент лауазымы еліміздегі мектептерде тек өткен жылы ғана рес­ми түрде пайда болды. Бұл ретте педа­гог-ассистентті мектептердегі лауа­зым­дар тізіліміне енгізу бойынша жұ­мыс 2016 жылы «Дара» ҚҚ, «Ашық әлем» ҚҚ, «Дорогою добра» ҚҚ, «Қасиетті жол» ҚҚ, «Родники» абили­тациялық бағдар­ламалар орталығы өкілдерінің, мемле­кеттік органдардың, Парламент депу­тат­тарының және т.б. қатысуымен «Бола­шақ» корпоративтік қорының «Әр бала мектепке лайықты» жобасы­ның сараптамалық кеңесінің жұмысы шеңберінде басталды. Педагог-ассистент – инклюзивті білім беру жүйесіндегі айтарлықтай маңызға ие буын. Ол сабақта және инклюзияны қолдау кабинетінде оқу материалын меңгеруге көмектеседі, сондай-ақ лайықсыз мінез-құлықты түзетеді және баланың бойында әлеу­меттену және қарым-қатынас дағ­ды­ларын дамытады. Көбінесе даму ерекшеліктері бар балаларда есіру, жылау, қатты айқайлау және тағы сол сияқты жағымсыз мінез-құлық кездеседі. Педагог-ассистент алдымен баланы осындай жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға үйретеді. 2020 жыл­­ға дейін педагог-ассистенттер бас­қа мамандардың, атап айтқанда, тәр­бие­шілердің, логопедтердің, психо­лог­тардың және тағы сол сияқты маман­дардың мөлшерлемелерінде жұмыс істеуге мәжбүр болды. Бір жылдан ас­там уақыттан бері педагог-ассис­тент­тер мектеп педагогтерінің шта­ты­на ресми түрде қабылданды. Осы уақыт ішінде олардың өмірінде қандай өзгерістер болды? Мәселен, педагог-ассистент Замзагүл Мұқанова № 88 мектеп-ли­цейдің инклюзияны қолдау каби­не­тінде 2019 жылдың қараша айында ашыл­ғаннан бастап жұмыс істей бас­тады. Одан бөлек, инклюзияны қолдау кабинетінде тағы 8 ассистент-педагог және кабинет мұғалімі жұмыс істейді. Олар аутизммен ауыратын, ақыл-ой мен сөйлеуінің дамуы тежел­ген, це­ребральді сал ауруы, Даун синдромы бар 10 баланы оқытады. Қазір Замзагүл – екінші сынып оқушысы Әлібектің педагог-ассис­тенті. Ол инклюзияны қолдау каби­нетіне 2020 жылдың қыркүйегінде келді. Балада жағымсыз мінез-құлық бай­қалып, оқу дағдылары дұрыс бол­мады. Инклюзияны қолдау кабинетіне алғаш келгенде 5-10 минут өткеннен соң, ол үйге кетемін деп байбалам салған. Бір жыл өткеннен соң Әлібек Замзагүлдің көмегімен қатарынан 5-6 сабаққа қатысатын болған. Оқуды және жазуды үйреніп, сабырлы болып, басқа оқу­шылардың мазасын алмайтын болады. Оның айтуынша, әр баланың тілін дұрыс таба білу керек. «Педагог-ассистент үнемі физи­ка­лық және эмоционалды түрде күйзелісте болады. Келесі минуттарда не бола­ты­нын білмейсің, өйткені бала сізді түртіп не ұрып жіберуі мүмкін. Әр балаға оның диагнозына, дағдыларына, мүмкіндігіне және мінезіне қарай қа­рым-қатынас жасайсың. Сіз баламен достасып, оның көңіл күйіндегі өз­геріс­терді сезінуіңіз керек. Ерекше қажеттілігі бар балаларға дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды. Ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істейтін ма­манның педагоги­калық білімінен басқа, алдын ала болжай алатын, түрлі жайттарға дайын болу үшін түйсігі де болуы керек», – дейді педагог-ассистент. «Болашақ» қорының жетекшісі Динара Шайжүнісованың айтуынша, барлық педагог-ассистенттер жеке бағдарламалар бойынша жұмыс істейді. Оларды қордың кураторы әзірлейді. Ерекше балалармен сапалы жұмыс істеу үшін педагогтердің біліктілігін арттыру мақсатында ар­найы курс ашылған. Бұл – Білім ми­нистрлігі мақұлдаған ABA терапия­сының бірден-бір курсы. Қазір Қазақстанның 15 өңірінен 1200-ден астам маман білім алып жатыр. Алайда педагог-ассис­тенттердің шамадан тыс жүктемесінің көптігі және жалақының төмендігі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. «Жұмыс жүктемесін есептеу бо­йынша регламенттердің болмауына байла­нысты педагог-ассистенттердің жалақысы көбінесе Білім басқар­малары мен мектеп директорларының шешімдеріне байланысты болады. Педагог-ассистенттердің 1 баланы алып жүргені үшін орташа жалақысы кейбір өңірлерде бір ауысымда 35 мың теңге, ал басқаларында 80-90 мың тең­ге. Педагог-ассистенттер арасында жала­қының төмендігі мен психоэмо­цио­налдық жүктемеге байланысты кадр­­лардың жиі ауысуы байқалады», – деп атап өтті ол. Сондай-ақ оның айтуынша, пе­дагогикалық білімі бар әрбір маман педагог-ассистент бола алады. Ерекше балалармен жұмыс істеу бойынша арнайы білім мен дағдыларды меңгеру қажет. Мектепте педагог-ассистент тапқан жағдайлар болады, бірақ ол ерекше балалармен жұмыс тәжірибесі жоқ жас маман болып шығады. Мұн­дай жағдайда инклюзия формальді қалыпта ғана болады, яғни педагог-ассистент бар, бірақ баланың дағдысы да­мы­майды. Сондықтан мектеп әкім­шілігі педагог-ассистенттерді оқыту үшін жақсы жағдай мен мүмкіндіктер жасауы маңызды. Қорда атап өткендей, бұл мә­селенің шешілуі «Nur Otan» партия­сының бақылауында болады.

К.НАҚЫП