Ағайындылар жеке концертін өткізді
Ағайындылар  жеке концертін өткізді
173
оқылды
Германияның Майндағы Франкфурт қаласында ағайын­ды жігіттердің жеке концерті өтті. Нұрәлі мен Ғала­мат Бей­се­қожаның өнерін тамаша­лау­ға дипломатиялық корпус өкіл­дері, неміс бизнесмендері, мәдениет қайрат­кер­лері мен Германиядағы қазақтар келді. Шығармашылық кештің шымылдығын Қазақстанның ең жас композиторы Нұрәлі ашты. Кейін кеш қонақтары Ғаламаттың орындауында қазақ күйлерін тыңдады. Бұдан бөлек, ағайынды­лар классика мен фольклорды бір арнаға тоғыстырып, өнер көрсетті. «Ұлы дала музыкасы» атты бұл концерт ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ар­налған.
– Керемет! Екі музыкант та өте шебер. Классикалық пианино мен дәстүрлі қазақ аспабын біріктіргені тамаша болды, – деп баға берді Германиядағы археология­лық музей директоры Вольфранг Давид.

М.Жалғасұлы