Полицейге пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталды
Полицейге пара бермек болған көлік жүргізушісі ұсталды
Фото: uralskweek.kz
206
оқылды

Батыс Қазақстан облысында полицейге 100 мың теңге пара бермек болған мас жүргізуші ұсталды.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Бәйтерек ауданында болды. Күре жолды бақылау кезінде полицейлер 37 жастағы С. жүргізіп келе жатқан «Тойота Королла» автокөлігін тоқтатқан. «Жүргізушіден ішімдіктің исі шығып, полицейлер әкімшілік хаттаманы ресімдей бастаған кезде С-ның бұдан бұрын да мас күйінде автокөлік руліне отырғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды. Бұдан кейін жүргізуші кішкене виски ішкенін мойындап, 100 мың теңге ұсынған. Полицейлердің пара бергені үшін жауапқа тартылатынын ескерткеніне қарамастан, жүргізуші ақшаны қызметтік көлік төсенішінің астына салған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, С-ға қатысты ҚР ҚК 367-бабы 1-бөлігіне (пара беру) және 346-бабы 1-бөлігіне (бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған адамның масаң күйде көлікті басқаруы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде», – деді полицей.

Бұған дейін пара алған полицейлердің жауапқа тартылғанын жазған болатынбыз.