Ақтаулық дәрігерлер жаңа туған баланың миына күрделі операция жасады
Ақтаулық дәрігерлер жаңа туған баланың миына күрделі операция жасады
Фото: yandex.kz
381
оқылды

Сәби 21 қазанда балалар ауруханасына ауыр халде түскен, – деп жазады 24.kz.

Қан айналымы бұзылып, І дәрежедегі комада болған. Дәрігерлер бассүйекті тесіп, мидағы ұйыған қанды алып тастады. Бұдан соң сәби оңалту курсынан өтіп, 13 қарашада үйіне оралды. Балаға операцияны дәрігерлер Ербол Кенжевалов пен Насуқан Отарғазиев және анестезиолог Мереке Бекбаев жасаған.

Нейрохирург Ербол Кенжевалов: «Ауырғанына 18 сағаттан кейін барып бізге түсті. Емшек емгісі келмей, құсып, түнімен ұйықтамай, күні бойы мазасыз болған. Операцияға бала 4 сағат дайындалды. Қан құйылды. 1 жарым сағат гематоманы алдық. 5 күн дегенде аппараттан шығарылды. Қазір жағдайы тәуір», – деді.

Бұған дейін баласын көре алмай қайтыс болған келіншек туралы жазған болатынбыз.