Бүгін Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов студенттердің стипендиясы көбейетінін айтты.
Сондай-ақ Білім және ғылым министрі жоғары оқу орындарын қаржыландыру жүйесі өзгергенін де айтты. Министрдің мәлімдеуінше, Қазақстанда университеттер жан басына қарай қаржыландыру жүйесіне көшті. Университетті қанша талапкер таңдаса, сол мөлшерде ғана мемлекет тарапынан грант, яғни қаражат алады. Сондықтан мемлекеттік жоғары оқу орындары жөндеу жүргізу, жалақы, материалдық базасын жаңартуға бюджеттен тікелей қаржы алмайды. Олар жекеменшік университтер сияқты тек студенттер санына сәйкес қаржыландырылады.«Студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай тағы да екі есе, ал магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді», – деді министр.
Бұған дейін талапқа сәйкес келмейтін ЖОО-лар лицензиясынан айырылғанын жазған болатынбыз.