Түркістан облысында 300-ден астам отбасына атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған.
Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты.Биыл Түркістан облысында 41,5 мың отбасына 11,2 млрд теңгеге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Аз қамтылған отбасылардың 1-6 жастағы балаларына әлеуметтік пакет берілген.«Жалпы учаскелік комиссия жіберген қателік салдарынан 300-ден астам отбасына 28 миллион теңге атаулы әлеуметтік көмек заңсыз тағайындалған. Қазір соның 14 миллионы кері қайтарылды. Заңсыз қаржы толығымен кері қайтарылуы керек, – деді Әсия Темірбаева.
Бұған дейін балаларға берілген әлеуметтік пакет ішіндегі азық-түліктің құрттап кеткені туралы жазған болатынбыз.