Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты – видео

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты – видео
Фото: oren.mk.ru

Жол апаты салдарынан бір адам оқиға орнында қаза тапты.

Қарағанды – Саран – Шахтинск тасжолында Nissan Sunny көлігі мен ПАЗ автобусы соқтығысты.

Nissan Sunny көлігінің 33 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы жолағына шығып кеткен.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ?? (@101_saran)

Жол апаты салдарынан  жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Оның мәйітін құтқарушылар көліктен шығарды.

«Автобуста бес адам болған. Олар зардап шеккен жоқ. Полиция істі тіркеп, сараптамалар тағайындады», – деді полицей.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Город Сарань (@podslushanosaran)

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.