Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық және отын-энергетикалық қатынастарды нығайтудың перспективалары, сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жасыл энергетика, атом өнеркәсібі, көлік және логистика салаларын дамытуға, вакцинация паспорттарын өзара мойындауға қатысты екіжақты ынтымақтастықтың өзекті проблемалары қарастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий құбыр консорциумына қатысушыларының отырысына қатысты. Жиын акционерлердің шартқа қол қойғанына 25 жыл толуына арналды.