Қазақстанның Халыққа қызмет көрсету орталықтарында техникалық ақаулар болды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі. «Жылжымайтын мүлік регистрі» Мемлекеттік деректер қоры (ЖМР МДҚ) тарапынан жүйе жұмысының техникалық ақаулары тіркелді. Салдарынан қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» және «Қазақстан Республикасы халқын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару» қызметтері қолжетімсіз.
«Аталған ақаулар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ (ЖМР МДҚ-ға техникалық сүйемелдеуді жүзеге асырады) «Жылжымайтын мүлік регистрі» Мемлекеттік деректер қорын жаңартқан сайын ара-тұра орын алып отыр. Ретке келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін көші-қон қызметінің тұрғылықты жері бойынша тіркеу және тіркеуден шығару қызметтері қайта іске қосылатын болады» делінген хабарламада.