Бұған дейін Алматы облысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдіктінің анасы полицейлерді ақша жымқыруға қатысы болуы мүмкін деп айыптаған еді. Белгілі болғандай, қазір ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған, - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті. 22 жастағы қазан айында Еңбекшіқазақ ауданында ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Жәбірленуші – 32 жастағы Алматы тұрғыны, бірнеше рет пышақталса да, тірі қалды. Ер адам әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауында ауруханада жатыр. Анықталғандай, күдікті пышақпен қаруланып, Toyota Camry 70 көлігін сатып алуды ұсынып, жәбірленушімен Есік қаласында кездескен. Ол шетелдік көлікті жалға алған. "Мәміле" жасаған кезде жігіт сатып алушының кеуде тұсына пышақ сұғып, оның 10 миллион теңгесін иемденіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер күдіктіні Алматыдағы СПА-салондардың бірінде ұстады. Ұрланған ақша қонақүй бөлмесінен тәркіленді. Көп ұзамай жас жігіт қолма-қол ақшаның көп бөлігін жоғалтқанын хабарлады. Күдіктінің анасы бұған полиция қызметкерлерінің қатысы бар деп отыр. Ал бақылау камераларындағы бейнежазбада медициналық бетперде киген ер адамның полиция қызметкерлерінен бұрын қонақүй бөлмесіне кіргені, ал тәртіп сақшылары мен ұсталған адам аулада болғаны белгілі болды. Өз кезегінде полиция қызметкерлері күдіктінің арызынан соң Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша іс қозғалғанын мәлімдеді.
"Бұл тергеу ерекше бақылауда. Қазір қонақүйдің қабаттарындағы және ауласындағы бейнебақылау камералары тексерілуде. Бөлмеге кірген ер адамның жеке басы анықталып жатыр. Яғни, барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады", – деп хабарлады Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полицейлер қарақшылық шабуыл жасаған күдіктінің қамауда екенін хабарлады. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 192-бабы 4-бөлігі (Денсаулыққа ауыр зиян келтіріп, аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша тергеу жалғасуда.