Көкшетауда бір сағат ішінде екі бірдей көлік өртенді – видео

Көкшетауда бір сағат ішінде екі бірдей көлік өртенді – видео

Көкшетауда бір сағат ішінде екі бірдей көлік өртеніп кетті. Төтенше жағдай қызметі өкілдері көліктердің өртену себептерін анықтап жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Алғашқы оқиға Жайлау шағын ауданында болды. Әлеуметтік желіге салған көлік иесінің айтуынша автокөлік өзінен-өзі тұтанып кеткен. Арада бір сағат өтпестен «Орталық базар» маңында Daweoo Matiz көлігі өртене бастаған.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KOKSHEVIDEOGRAM ВЗЛОМАЛИ! (@kvg_zhivi)

«Досов 144 үйдің жанында жеңіл автокөлік өртенді. Тілсіз жау 12.05-те сөндірілді. Өртті сөндіруге екі өрт сөндіру көлігі мен 10 қызметкер жұмылдырылды. Арада бір сағат өткенде 13.27-де Есенберлин көшесі 3 мекенжайында 6 шаршы метр аумақта авткөлік өртенді. Өрт 13.36-да ауыздықталып, 13.38-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер болған жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге екі өрт сөндіру көлігі мен 12 сарбаз жұмылдырылды», – деді төтенше жағдайлар департаментінен.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KOKSHEVIDEOGRAM ВЗЛОМАЛИ! (@kvg_zhivi)