Қазақстандағы 1 миллион кедей қалай тамақтанып жүр? - Инфографика
Қазақстандағы 1 миллион кедей қалай тамақтанып жүр? - Инфографика
Фото: Ru.depositphotos.com

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елде кедейлік деңгейі 2016 жылдан бері өсіп жатыр. Былтыр табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамдардың саны 1 миллионға жуықтады. Олар қалай тамақтанып жүр? Aikyn.kz табысы күнкөріс мөлшеріне жетпейтін әр адам айына қанша мөлшерде тамақтанатынын инфографика арқылы көрсетті.

2017 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі әр адам үшін бір жылда тұтынатын тамақ өнімдерінің ғылыми негізделген физиологиялық нормасын бекітті. Сол норма бойынша ай сайын дені сау адам мен табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адамның тұтынатын тағам мөлшерін салыстырып көрдік.

Сүт және сүт өнімдері

Нормада әр адам жыл сайын орташа есеппен 301 литр сүт өнімін тұтынуы керек екені жазылған. Сонда норма бойынша дені сау адам ай сайын шамамен 25,6 келі көлеміндегі сүт өнімін тұтынуы керек. Бірақ табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейіне жетпейтін тұрғын ай сайын 10,5 келі ғана өнімді тұтынуға мәжбүр. Сонда дені сау адам тұтынуы керек қалыпты мөлшерден 42%-ға аз. Сүт және сүт өнімдері

Ет және ет өнімдері

Қалыпты жағдайда әр адам бір айда 6,5 келі ет жеуі керек. Бірақ былтыр табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін адам 3,2 келі ғана ет жеуге шамасы келеді. Қалыпты мөлшерден 49,2%-ға аз. Ет және ет өнімдері

Жұмыртқа

Қалыпты жағдайда әр адам бір айда 22 дана жұмыртқа жеуі керек. Бірақ табысы күнкөріс деңгейіне жетпейтін адам 8 жұмыртқа жеп жүр.

жұмыртқаҚант және кондитерлік өнімдер

Норма бойынша әр адам айына 2,75 келі қант және кондитерлік өнім тұтынуы керек. Бірақ кедей тұрғындардың шамасы тек 1,9 келіге шамасы келеді. Қант және кондитерлік өнімдер

Жеміс-жидек

Қалыпты жағдайда дені сау адам ай сайын 11 келі жеміс-жидек жеуі керек. Бірақ кедейлік шегінде өмір сүретін қазақстандықтардың 2,8 келі жеміс-жидек жеуге қаражаты жетеді. жеміс-жидек

Өсімдік және жануар майы

Норма бойынша дені сау адам 1,3 келі май тұтынуы керек. Бірақ күнкөрістің ең төменгі мөлшерінде табысы бар адам 0,9 келі май тұтынуға шамасы келеді. Өсімдік және жануар майы

Картоп

Ұлттық статистика бюросы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін азаматтардың тұтынатын тамақ мөлшері туралы статистикасында картопты ғана айрықша есепке алған. Норма бойынша дені сау адам 8,3 келі көлемінде картоп жеуі керек болса, табысы күнкөрістің ең төменгі деңгейіне жетпейтін адам айына тек 2,5 келі картоп тұтынуға мәжбүр. картоп

Көкөніс

Ұлттық экономика министрлігі бекіткен норма бойынша ай сайын дені сау адам 12,4 келі көкөніс жеуі керек. Бірақ кедейлік деңгейіндегі адам 4 келі ғана көкөніс жеуге мәжбүр. көкөніс

Нан және жарма өнімдері

Бұл өнімді тұтынуда кедейлік деңгейінде өмір сүретін адамдар нормасын орындап жүр екен. Норма бойынша - 9 келі, ал кедей тұрғындар 8,4 келі тұтынған. нан және жарма өнімдері

Балық және теңіз өнімдері

Әр адам тұтынатын бір айдағы балықтың қалыпты мөлшері – 1,1 келі. Бірақ былтыр кедей тұрғындар оның жартысына да жетпейтін балық жеген (0,4 келі). Балық және теңіз өнімдері Ескерте кетейік, кедейлік деңгейінің 2021 жылғы дерегі есепке алынбады.