Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты ескерту жариялады.
"Алматы қаласында 17, 18 қараша күндері ауа райының бұзылуына байланысты Алматы қаласының ТЖД жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді көктайғақ кезінде жолдарда өте сақ және мұқият болуға кеңес береді", – деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.Көктайғақ кезінде келесі ережелерді сақтау қажет: • Қар мен көктайғақ кезінде көлік жүргізу күрт нашарлайды, жүргізуші көлікті бақылай алмай қалуы мүмкін, сондықтан жолдан асықпай өту керек. • Көшелерді жол қозғалысы ережелерімен белгіленген орындарда кесіп өту керек; • Абай болыңыз, әсіресе, жолдан өткен кезде, сыртқы заттарға алаңдамаңыз; • Әрқашан аяқ астына қараңыз; • Аяқ-киімді дұрыс таңдаңыз. Аяқ-киімнің кедір-бұдырлы өрнегі бар, тайғанамайтын материалдан жасалған тегіс табаны болуы тиіс; • Қолыңызды қалтаңызға салмаңыз, себебі мұзда тепе-теңдікті сақтауыңыз керек; • Тротуарлар, қалалық көлік аялдамалары, дүкендерге кіреберіс, тіпті өз үйіңіздің кіреберісі - адамдар жиі құлайтын орны. Сондықтан бұл ретте де абай болыңыз.