Инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда
Инвестициялық жобалар  жүзеге асырылуда
509
оқылды
«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиа­лы­ның қоғамдық кеңес мү­ше­лері «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» ат­ты сайлауалды бағдар­ла­ма­ның Жол картасында көр­се­тілген міндеттердің орын­да­луы бойынша жиын өткізді. Күн тәртібінде өңірімізде шетелдік үлесі бар инвести­ция­лық жобалардың жүзеге асырылу барысы, облыс тұрғындарының инвестициялық ахуалдың жақсаруына орай өмір сүру са­па­сының жақсаруы және өңірі­міздің ұзақмерзімді 2016-2020 жылдар аралығында әлеуметтік-экономикалық даму барысы, жобалардың экологиялық қауіп­сіздігі және Жетісу өңіріне ин­вес­тиция тарту мәселесі талқы­ланды. Талқыға салынған әрбір мәселе бойынша тиісінше бас­қарма басшыларының орын­басарлары, жауапты мамандары баяндама жасап, толыққанды ақпарат берді. Жиында өзекті мәселелер талқыға салынып қана қоймай, облыстық Индустриалды-инновациялық және кәсіп­керлікті дамыту басқармасы мен салық департаменттері тара­пынан бірқатар ұтымды ұсыныс айтылып, қабылданды. «Ең басты мәселе – пар­тияның республикалық, облыс­тық Сайлауалды бағдарламаның жүзеге асырылу барысын қа­дағалап, сапалы орындалуы талап етіледі. «Жалпы, облыс бойынша биыл шетелдік инвестицияның қаржыландыруымен 26 жоба жүзеге асырылып жатыр, нәти­жесінде өңірде 5 000-нан астам жаңа жұмыс орны құры­латын болды. Бұл көрсеткіш өңір­дің инвестициялық жай-күйінің жақсаруына үлкен үлес қос­пақ»,– дейді облыстық өңірлік кеңес төрағасы, об­лыстық мәслихат депутаты Руслан Қожасбаев. Отырысқа сондай-ақ кеңес төрағасының орынбасары Виктор Тен, облыстық, ау­мақ­тық филиалдардың аталмыш кеңес мүшелері мен облыстық басқарма басшылары қатысты.

Б.КӨКШЕ