17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: mail.kz

Бүгін солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар әсерінен қар жауады. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыста жаңбыр мен қар, нөсер жауын жауады.

Атырау облысында күн жауын-шашынсыз болады. Тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. Түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйытқиды, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болады. Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да жоғары болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батыс бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 мтер жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 23-28 м/с болады, кейде 30 м/с және одан да күшті болады. Түркістан облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да күшті болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында – түнде және таңертең тұман, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с болады. Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының орталығында және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдыпен соғады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болады. Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде Павлодар облысының солтүстік, батысында тұман түседі.