Қазақстанда пара алатындарға қарағанда, пара беретіндердің саны көп, – деп хабарлайды AstanaTV.
Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен қозғалған қылмыстық істер арасында 56 пайызы пара беру үстінде қолға түскен. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжановтың айтуынша, мемлекеттік қызметкерлер арасында бюджеттен бөлінетін қаражатты игеру кезінде заңсыздық көп екенін айтты.Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов: «Жыл сайын бюджеттік қаражатты игеру кезінде көлеңке тұстар көп. Мемлекет бюджетінен бөлінген ақша жыл соңына дейін игерілмей қалса, қаражатты бюджетке қайтару керек. Мемлекеттік қызметкерлер бұған қорқынышпен қарайды. Содан әлі дайын емес нысанды қабылдау актілеріне қол қоюға мәжбүр етеді. Сондықтан қаржыландыруды бірден емес, нысанның белгілі бір бөлігі аяқталған соң, жұмыстың екінші кезеңіне қаражат бөлу арқылы, кезең-кезеңімен ақша аударуға көшу керек», – деді.
Бұған дейін агенттіктің бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев «Коронавирусты жемқорлықтың кесірінен жеңе алмай отырмыз» деген еді.