Astana Club: Карнеги қорының вице-президенті қазіргі технологиялардың ең әлсіз тұсын айтты
Astana Club: Карнеги қорының вице-президенті қазіргі технологиялардың ең әлсіз тұсын айтты
'@Astana Club-тың баспасөз қызметі
167
оқылды

Astana Club халықаралық пікірталас алаңы аясындағы VI кездесу бүгін де өтіп жатыр. Күн тәртібінде пандемия салдары, жаһандық қауымдастықтың экономикалық дағдарыстан шығу мүмкіндігі, Азия мен Еуропа нарығы, Ауғанстан болашағы және алдағы онжылдықта Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы көшбасшы ретіндегі рөлі талқыланып жатыр.

Сондай-ақ «Жаңа әлемдік тәртіп және технологиялық үстемдік үшін талас» тақырыбында өткен сессияда АҚШ пен Қытайдың технология бойынша бәсекелестігі туралы да сөз болды.
АҚШ мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары (2001-2009), Карнеги қорының вице-президенті Эван Фейгенбаум Қытай мен АҚШ-тың технологиялық саладағы бәсекелестігі туралы: «Біз бүгінде технологиялық ағындардың елеулі саяси процестермен байланысты екенін байқап отырмыз. Мен бұған секьюритизация процесі немесе техносфераға басты ден қою деп қараймын. Бүгінгі таңда деректер технологиялары, коммерциялық пайда емес, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан бағаланып өңделеді. Меніңше, бұл қазіргі заманғы технологиялардың басты әлсіз тұсы», – деді.

Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры, Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева «Пандемия адамзат бір-біріне тәуелді екенін тағы бір рет дәлелдеді» деген еді.