Импортты алмастыру бағдарламасы қорытындыланды
Импортты алмастыру бағдарламасы қорытындыланды
kazgazeta.kz
«Импортты алмастыру бағдарламасының 2019 жылғы нәтижелері» тақырыбында «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС-ның брифингі өтті. 2018 жылы өңдеу салаларындағы жаңа өндірістерді қолдау тетігі – оффтэйк шарттары енгізілді. Бұл тетіктің аясында отандық кәсіпкер жаңа өндіріс құру шеңберінде шығаруға жоспарланған өнімге кепілдендірілген ұзақмерзімді тапсырысты алдын ала алады. Басты шарт еліміздің аумағында ұқсас өндірістер болмауы керек. 2018-2019 жылдары қор Қазақстан Республикасында ұқсастығы жоқ жаңа өндірістерді құру бойынша 27 жобаны мақұлдады.