«Әке, қолыңнан келсе, көмектесші» – 20 жыл құлдықта болған ер адам араша сұрады
«Әке, қолыңнан келсе, көмектесші» – 20 жыл құлдықта болған ер адам араша сұрады
Фото: yandex.kz
151
оқылды

Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адам Қарағанды ​​облысында 20 жыл бойы құлдықта болғанын айтты, – деп жазады Tengrinews.kz. Видеода өзін Алексей Александрович Котов деп таныстырған ер адам Ресей Федерациясы Ярославль облысының тумасы екенін айтады.

«Ана, әке, мен 20 жылдан бері тұтқындамын. Қолыңыздан келсе, Қазақстаннан шығуыма көмектесіңдерші. Қарағанды ​​облысы Ақжал ауылы Мұхтар қыстауы. Әке, қолыңнан келсе, көмектес», – дейді ер адам. Ер адам қыстаудың мекенжайы мен иесінің атын атайды. Ал полицияның мәліметінше, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынған.

«Қарағанды ​​облысы ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында ер адам өзін Қарағанды ​​облысындағы қыстаулардың бірінде тұтқында болғанын айтқаны анықталды. Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 126-бабы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша соталды тергеп-тексеру басталды. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шет ауданының полицейлері Ресей азаматы 44 жастағы ер адамды анықтады. Ол 20 жыл бойы 44 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз қанауына шыдап келгенін және мәжбүрлі жұмысқа тартылғанын түсіндірді. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр», – деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Бұған дейін 30 жыл құлдықта болғандар туралы жазған болатынбыз.