Жайылымнан мал ұрлап, тұрғындарға 25 миллион теңге шығын келтірген 5 ұры сотталды
Жайылымнан мал ұрлап, тұрғындарға 25 миллион теңге шығын келтірген 5 ұры сотталды
Фото: news.myseldon.com
135
оқылды

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бір топ адам мал ұрлаған. Шығын көлемі 25 миллион теңге екені анықталды. Ұрыларға қатысты сот үкімі шықты.

Аудандық полиция бөліміне тұрғындар арызданып, жайылымда жүрген 24 бас жылқы мен 15 сиырды белгісіз біреулер ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушілерге келген шығынның көлемі  – 25 000 000 теңге.
Жедел тергеу тобы мал ұрлығына қатысы бар күдіктілерді анықтап, 5 жергілікті тұрғынды полиция бөліміне жеткізді.
Полицейлер істі айыптау актісімен бірге сотқа жолдады. Нәтижесінде, сот шешімімен күдікті деп танылған 5 адамның екеуі 7 жыл мерзімге сотталды. Қалған 3 күдіктінің бас бостандығы 7 жылға шектелді.

Бұған дейін жылқыны жеңіл көліктің артқы орындығына сыйғызып, ұрлаған ұры туралы жазған болатынбыз.