Үш пәтерлі үйде газ баллонының жарылуына өрт қауіпсіздігі ережесі сақталмағаны себеп болуы мүмкін.
Ақмола облыстық ТЖД бастығының орынбасары Манарбек Шапағатовтың айтуынша, жарылысқа газды пайдалану ережесін сақтамау себеп болған.«Жарылыстан үйдің шатыры мен пәтерлер арасындағы қабырғалар опырылып түсті. Газ баллоны жарылған пәтерде бір отбасы тұрған. Сол күні олар қонақ шақырған. Зардап шеккендердің барлығы сол үйдің тұрғындары емес, арасында қонаққа келгендер де бар. Үш адам қаза тапты, оның біреуі – кәмелеттік жасқа толмаған бала, – деді ол.
Бұған дейін жарылыстан үш адам қаза тауып, он адам ауруханаға жеткізілгенін жазған болатынбыз.