«Тәуелсіздік тұғырым» атты көрме ашылды
«Тәуелсіздік тұғырым» атты көрме ашылды

Алматыдағы Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде белгілі қазақстан­дық мүсінші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайрат­кері, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты, профессор Ескен Сергебаевтың «Тәуел­сіз­дік – тұғырым!» атты жеке көрмесі ашылды. Көрме Қазақ­стан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен шебердің туға­нына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Экспозицияға автордың Ә.Қас­теев атындағы музейдің қо­рын­дағы және автордың өзінің әр жылдардағы 70-ке тарта шығар­масы қойылған. Мүсінші Е. Сер­гебаев ең алдымен бейненің эпи­калық күші өмірдің өтпелі сәт­терінің романтикалық сезімдерімен үйлесетін монументалды жұмыстарымен танымал. Ол – Алматы қаласындағы М.Әуезов­ке, әл-Фарабиге, Абайға, Т.Жүр­геновке, тағы басқаларға қойыл­ған ескерткіштердің авторы. Сонымен қатар мүсінші қондырғылы пластика саласында да өнімді ең­бек етіп келеді. Мүсіншінің белсенді шығар­ма­шылық қызметі 1960 жылдары, өнерге талантты суретшілер мен мүсіншілердің жаңа буыны келген кезде басталды. Е.Сергебаевтың ертеректегі «С.Айтбаевтың портреті» (1967), «Абай» (1968), «За­ман­дастың портреті» (1972) композициялары формасының жал­пы­лығымен, сұлбаның орнық­тылығы­мен және тұтастығымен, ішкі энергетикасымен және ав­тор­дың зымыраған уақыт сезімін, әкелер мен балалар ұрпақтарының рухани сабақтастығының маңы­зын жеткізуге ұмтылысымен ерек­шеленеді. 1980 жылдардағы еңбектерінде шебер монументалды стильге, өткен мен бүгінді фи­ло­софиялық пайымдауға бет бұрады. Қазақстан Көркемөнер ака­демия­сының толық мүшесі Е.Сергебаев оқытушылық қыз­метті әлі күнге дейін қатар ат­қарып ке­ле­ді. 1969 жылдан бастап Н.Гоголь атындағы Алматы көр­кем­сурет училищесінде, ал 1978 жыл­дан театр және көркем­сурет институтында оқытушы, кейіннен доцент болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап бүгінге дейін Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясында мүсін кафедрасының меңгеру­шісі, профессоры қызметін атқа­рады.

Көрмеге келушілерге Е.Сер­гебаевтың туындыларының альбом-каталогі ұсынылады. Көрме желтоқсан айының 12-не дейін жалғасады.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы