Қазақстанда алдағы екі-үш күнде 25 градус аяз болады 
Қазақстанда алдағы екі-үш күнде 25 градус аяз болады 
Фото: vfl.ru
98
оқылды

«Қазгидромет» 18-20 қараша күндері аяз болатынын хабарлады.

18-19 қарашада Антлантикалық циклон және атмосфералық фронт әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында қар жауады. Тұман, көктайғақ, сондай-ақ еліміздің солтүстік жартысында боран соғады. 20 қарашада солтүстік-батыс антициклоны әсерінен жауын-шашын тоқтайды. Алайда елдің батысы мен солтүстік-батысында кезекті циклон әсерінен қайтадан қар жауады.

Батыста түнде 0-5-тен 5- 10-ға дейін аяз, солтүстік-батыс, солтүстік, орталықта 5-15-тен 15-25-ке дейін аяз, оңтүстік өңірлерде 5-13-тен 8-16-ға дейін аяз, шығыста 2-10-нан 15-25 градусқа дейін аяз болады.