Қазақстан қиын кезеңді еңсерді – Коэн
Қазақстан қиын кезеңді еңсерді – Коэн
'@ Astana Club-тың баспасөз қызметі
202
оқылды

Astana Club халықаралық пікірталас алаңының VI жиынында пандемия салдары, экономикалық дағдарыстан шығу мәселесі талқыланып жатыр.

Жиынға әлемнің әр түкпірінен жиналған сарапшылар Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшы екенін де айтты. Бүгін Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, Astana Club-та «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Назарбаев стратегиясы және Қазақстан мен Орталық Азия болашағы» сессиясы өтті.
Жиында Атлант кеңесінің аға ғылыми қызметкері, Энергетика және қауіпсіздік бағдарламасының директоры (ITIC) Ариэль Коэн: «Мен болашаққа оптимизммен қараймын. COVID-19 бәрін дүрліктірді. Қазақстан қиын кезеңді сәтті еңсерді деп ойлаймын»,  – деді.

Бұған дейін Astana Club жиынына арнайы келген RAND Corporation корпорациясының халықаралық зерттеулер жөніндегі директоры Кришна Кумар «АҚШ пен Қытай вакцинация бойынша артта қалса, басқа елдерге де кесірі тиеді» деген болатын.