Отандық жұлдыздардың қайсысы қылмыс әлемімен байланысы бар деп ойлайсыз? Әрине, танымал жандардың өздері емес, олардың жақындары. Кейбірі заң бұзғаны үшін сотталса, енді бірінің туысы қылмыс серкелері екен. Міне, олардың кімдер екенін жинақтауға тырыстық.
[caption id="attachment_171367" align="alignnone" > ©nur.kz[/caption] Естеріңізде болса, былтыр танымал блогер Айжан Байзақова әкесінің түрмеден шыққанын айтты. Сол кезде әкесі түрмеде үш жыл бойы жазасын өтеген. Бұл оқиға бүкіл отбасына ауыр тигенін де жеткізді. Оның бәрін өзіне аяушылық таныту үшін емес, ел ішінде бұрыс пікір қалыптаспау мақсатында жар салып, жариялауын түсіндірді. [caption id="attachment_171370" align="alignnone" > ©newtimes.kz[/caption] Айжанның сөзінше, 2018 жылдың наурыз айында 60 жастағы әкесінің қолына кісен салып, бейне бір терроршыны тұтқындағандай, үйден алып кеткен.Алайда блогер әкесінің не үшін сотталғанын ашып айтпады. Тек оның кінәсіз екенін және жала жабылғанын тілге тиек етті. [caption id="attachment_171368" align="alignnone" > ©tengrinews.kz[/caption] 2020 жылдың қыркүйек айында Жека Fatbelly есімімен елге танымал вайнер өз отбасы жайында сұхбат берді. Ресторатордың шын есімі – Жеңіс Омаров. Ол онда інісінің ауыратынын және әкесінің анашаға тәуелділігін ашып айтқан.– Тіпті, әкемізбен қоштасып та үлгермедік. Тек тізімде көрсетілген дәрісін әкеп беруге рұқсат берілді. Өзінің жасы да келіп қалған, ол жақта жағдайы қалай болатынын білмедік. Міне, сол кезден бастап отбасыма деген жауапкершілікті мойныма алдым, – дейді Айжан Байзақова.
– Үлгі боларлық мейірімге толы толыққанды отбасында дүниеге келдім. Әкем де, шешем де, інім де болды. Өміріміз бірқалыпты, тыныш еді. Бірақ, аяқасты жаман түстей, жанұямыздың күлі көкке ұшты. Бір күні көзімше әкемді түрмеге алып кетті. Ол кезде бар-жоғы 6 жаста едім. Сол кезде әкемнің басқа дүниемен айналысатынын түсіндім, – деді Жека Fatbelly.
Оның айтуынша, қиындық мұнымен бітпеген. Араға біраз уақыт салған соң әкесі бостандыққа шыққан. Сол уақытта жанұяның жағдайы да кәдімгідей түзелгендей де болды. Алайда кейіннен Жеңіс әкесінің анашаға тәуелді екенін білді. «Сол бір кезеңде тозаққа түскендей болдым. Үйдегі дүние-мүліктің сатылғаны былай тұрсын, пәтерден-пәтерге көшіп жүрдік. Анаша шекпеген күндері әкем қиналып, ауыратын. Үйде ұрыс-керіс көбейіп, берекеміз қашты. Соның кесірінен ақырында өмірден өтті» дейді вайнер. Ол кезде Жеңіс 17 жаста болған. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=Z6iz0l5j6SQ[/embed] Сондай-ақ қылмыс әлемінің серкесі Сабыр Мүсілімнің есімі көпшілікке белгілі болар. Ол – елге белгілі актер Тәуекел Мүсілімнің әкесі. Ал актер болса, үйінің тұңғышы. Көз көргендердің айтуынша, ол әрқашан жетім-жесірге көмектесіп, қамқорлық еткен. Ел ішіндегі жұмыссыздықпен күресіп, қылмыстың алдын алуға тырысқан.
[caption id="attachment_171373" align="alignnone" > ©nur.kz[/caption] Тәуекелдің айтуынша, әкесі полиция қызметкерлерімен сөзге келіп, келіспей қалған. Салдарынан оған 9 түрлі бап бойынша айып тағылған. Алайда оның көбісі дәлелденбеді. Кейін суық қару сақтады деген айыппен 3 жылға түрмеге қамалды. Артынан бостандыққа шыққан соң денсаулығы сыр беріп, ұзақ ауырып, Алматыда қайтыс болған. [caption id="attachment_171374" align="alignnone" > ©stan.kz[/caption] 2016 жылы бүкіл елді дүрліктірген жайт – Есентаевтар отбасы төңірегіндегі дау. Сол кезде күйеуі Баян Алагөзованы ұрып-соғып, бірнеше жеріне пышақ салған. Салдарынан продюсер ауруханаға түскен. Сөйтіп Баянның бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіруге оқталу» бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. [caption id="attachment_171375" align="alignnone" > ©stan.kz[/caption]– Әкем өзі спортқа жақын болатын. Соған қарамастан поэзия мен өнерді жақсы көретін. Жанында болғанымда әрқашан «балам, оқы, болашақ білімде» деп айтуын қоймайтын. Шынымен, қазір білімділердің заманы ғой. Бір сөзбен айтсам, өзім әкеме тартпағанмын. Ол секілді ашық емеспін. Тұйықпын, бәрін өзімде ұстаймын. Кім біледі, мүмкін, әкемнің тәрбиесінде өссем, мінезім де басқаша болар ма еді? – дейді актер.
Отбасылық өмірдің зардабын тартып, қорлық көргені жайында Заманбек Нұрқаділовтің немересі Нұрбибі де жария етті. Қазір ол күйеуімен ажырасып, әйел затымен азаматтық некеде тұрып жатыр. Сонымен бірге 10 жасар ұлын өсіріп отыр. Нұрбибінің сөзінше, күйеуі өзінің алғашқы махаббаты. Оны қатты жақсы көргендіктен бәріне шыдап баққан. [caption id="attachment_171377" align="alignnone" > ©caravan.kz[/caption]Қазір Бақытбек Есентаев жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеп жатыр. Баян бастапқыда оның заң бойынша жазалануын қалайтынын мәлімдеді. Бірақ, кейіннен ол ойынан айнып, мерзімінен бұрын босатылуын сұрап, бірнеше рет жазған да болатын. Алайда Бақытбек Есентаев әлі күнге дейін жазасын өтеп жатыр.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=qpTtPVHGUIU[/embed]– Арамызда келіспеушілік болмады емес, болды. Ондайда сөйлесуден гөрі, ол қол көтеріп, соққының астына алатын. Оның үстіне арыз жазып, сотқа да бердім. Сол үшін түрмеге отырып та шықты, – дейді ол.