Жамбыл облысында қатты жел бірқатар елді мекенді газсыз қалдырды
Жамбыл облысында қатты жел бірқатар елді мекенді газсыз қалдырды
166
оқылды
Жамбыл облысында қатты жел өңірдің бірнеше елді мекеніндегі газ құбырларына зақым келтірді, деп хабарлайды  «ҚазТрансГаз» компаниясы.
Қатты жел үйлердің қоршауын бұзып, ағаштарды жұлып әкеткен. Құлаған ағаштар, шатырлар мен қоршаулар көшедегі газ құбырларын зақымдады.
«Авариялық жағдайларды болдырмас үшін зақымдалған құбырларға газ беру тоқтатылды. Апатты учаскелерде газдың шығуы мен тұтануы болған жоқ. Желге байланысты газ құбырларын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу әлі мүмкін емес. Жел басылғаннан кейін ғана мамандар бұзылған газ құбырларын қалпына келтірумен және газ берумен айналысатын болады», - деп хабарлады «ҚазТрансГаз».
Қазіргі уақытта Таразда газ құбырларына ағаштардың құлауының 25 жағдайы, Жамбыл ауданында – 16, ал Жуалы және Байзақ аудандарында ағаштар қоршаулардың құлауы салдарынан газдың ажыратылуы тіркелді.