Алматыда қар борап тұр: Тазалау жұмыстарына 554 техника жұмылдырылды
Алматыда қар борап тұр: Тазалау жұмыстарына 554 техника жұмылдырылды
© inform.kz
Алматыда қар борап тұр. Қар күреу жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматыға қар бүгін түскі сағат 14.40 шамасында жауа бастады. Қар күреуге көшеге барлығы 554 арнайы техника бірлігі мен 1482 жол жұмысшысы тартылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолын, қоғамдық көлік аялдамаларын, көлік қоятын «қалталарды», көпшілік пайдаланатын орындардың қарын аршу жұмыстары ұйымдастырылды. Түнгі кезеңде 17-18 қараша аралығында 491 арнайы техника бірлігі, оның ішінде 183 құмшашқыш және 323 жол жұмысшысы қар күреумен айналысады деп жоспарлануда. Аудандық әкімдіктер мен мердігерлік кәсіпорындарда қар күреу жұмыстарының өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. Қазгидрометтің болжамы бойынша 18 қарашаның таңына дейін қар жауады деп күтілуде.