Ақмола облысының Степногор қаласында ауруханада қаза болған емделушінің ақшасын банк картасынан жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Степногор қаласының полиция басқармасына ақшаның ұрланғаны туралы арыз 16 қараша күні түскен.
«Алдын ала анықталғанындай, белгісіз біреу 29 қазаннан 8 қарашаға дейін еркін қолжетімділік жолымен қайтыс болған адамның «Halyk Bank» картасынан 309 мың теңге сомасында ақшасын ұрлаған. Ал банк картасы осы жылдың 8 қарашасында аурухананың терапевтік бөлімінде қайтыс болған емделушіге тиесілі» болған», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.Жедел іздестіру шаралары барысында криминалды полиция қызметкерлері күдікті әйелді анықтады. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 1-тармағымен «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы