Алматыда қаруланған үш жігіт ойын клубын тонап кетті – Видео
Алматыда қаруланған үш жігіт ойын клубын тонап кетті – Видео
178
оқылды
Алматы облысында ойын клубына қарулы қарақшылық шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы облысының полицейлері ойын клубынан миллион теңгеден астам қаражат ұрлаған қаруланған қарақшыларды жедел түрде анықтап, ұстады. Қарақшылар бір миллионнан астам теңгені иемденіп кеткен. https://www.youtube.com/watch?v=sFLZCKPmQ_A&feature=emb_title Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Тексеру барысында қылмыс орнынан диаметрі 9 мм болатын атыс гильзасы табылды. Ұстау кезде 20 жастағы күдіктіден ұрланған ақшаның жартысы мен тапанша тәркіленді. Соманың тағы бір бөлігі 22 жастағы екінші күдіктіден және олардың 23 жастағы серіктесінен алынды.
– Барлық ұсталған азаматтар дәлелдермен әшкереленіп, қалған ақшаны ойын-сауыққа жұмсағанын жеткізіп, қылмыс жасағандарын мойындады. Қаскүнемдердің әрекеттері бейнекамераларға түсіп қалған. Барлық үш фигурант ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілгенге дейін УҰО-ға қамаққа алынды. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деді Алматы облысы ПД ТБ бастығының орынбасары Самал Арғынғазынова.