Алматы және Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты бірнеше автожолдар жабылды

Алматы және Қарағанды облыстарында ауа райына байланысты бірнеше автожолдар жабылды

Алматы, Қарағанды облыстарында ауа райының қолайсыздығы салдарынан барлық көлік түрлері үшін бірнеше бағыт бойынша автожолдар жабылды.

 «"Алматы - Өскемен - Қапал - Арасан" облыстық маңызы бар автожол және Ақсу ауданының Көшкентал және Көктөбе ауылдарына кіретін жолдар жабылды. «Сарыөзек-Көктал-Көксу-Қарабұлақ» (0-94 км) облыстық маңызы бар автожол және Кербұлақ ауданындағы Аралтөбе, Онжас ауылдарына кіретін жолдар көліктердің барлық түрлеріне жабылды»  делінген Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Қарағанды ​​облысында автожолдар жабылды.
"Осыған байланысты «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тас жолының 64-217-ші шақырымында, Ботақара ауылынан Қарқаралы қаласына дейінгі учаскеде көліктің барлық түріне қозғалысқа шектеулер енгізілді», – деп ескертті «ҚазАвтоЖол».