Елордада 37 жастағы әйел көлік рөлінде мас күйінде ұсталды
Елордада 37 жастағы әйел көлік рөлінде мас күйінде ұсталды
Chevrolet Cruze маркалы автокөлігінің жүргізушісі 37 жастағы әйел болып шықты, – деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен 15 тәулікке ПД арнайы қапасына қамалды, сондай-ақ ол 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды", – деді Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтанда "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 6,5 мыңға жуық жол ережесін бұзушылық анықталды. Оның ішінде 61 қоғамдық көлік жүргізушісі жол қозғалысын бұзған, 220-дан астам жүргізуші көлікті басқару кезінде телефон пайдаланған, 629 азамат қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған. Сондай-ақ, 300-ге жуық жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған, бағдаршам белгісін елемеген 200 жүргізуші мен 65 мас жүргізуші ұсталды.