Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы самбодан әлем чемпионатында 10 медаль жеңіп алды
Фото: sportmail.ru
Ташкентте өткен самбодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 10 медаль жеңіп алып, командалық есепте төртінші орын иеленді. Алғашқы үштікте Ресей, Өзбекстан және Беларусь командалары болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Өзбекстанда өткен жарысқа әлемнің 51 елінен спортшылар қатысты. Спорттық және жауынгерлік самбодан, әйелдер арасындағы самбодан мықтылар анықталды. Бұл турнир Халықаралық Олимпиада комитеті тәртіпті мойындағаннан кейін өткізілген бірінші турнир болды. Алтынды әйелдер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Гүлдана Әлмұханбетова, ерлер арасында 64 келіге дейінгі салмақта Рахат Жәниет жеңіп алды. Үш күмісті Мәди Райхан (98 келіге дейін), Ажар Саликова (65 келі) және Ділдәш Күрішбаева (72 келіге дейін) иеленді. Қола жүлде Болатбек Райымқұловқа (58 келіге дейін), Айдын Дартаевқа (79 келіге дейін), Нұркен Домбаевқа (58 келіге дейін), Әділбек Сейісовқа (64 келіге дейін) және Умар Янковскийге (88 келіге дейін) бұйырды.