Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 08:00 шамасында болған.
«Оқиға Алматы-Өскемен тасжолының 223-шақырымында, яғни Көксу ауданының аумағында болған. Алдын ала болжам бойынша, «Hyundai Accent» көлігінің 30 жастағы жүргізушісі солтүстік бағытпен келе жатқан. Кенет рульге ие бола алмай қалып, шығыс бағыттағы жол жиегіне шығып кеткен. Артынша арыққа құлап, аударылған. Салдарынан көліктің 30 жастағы жүргізушісі мен 28 жастағы жолаушысы алған жаратынан оқиға орнында мерт болды» делінген ведомство хабарламасында.Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен тергеу жүріп жатыр.