Пневмония мен коронавирустан тағы да 26 адам қайтыс болды

Пневмония мен коронавирустан тағы да 26 адам қайтыс болды

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандардың статистикасын жариялады.

16 қарашада 23 адам коронавирустан, тағы 3 сырқат пневмониядан қайтыс болды. Коронавирустан қайтыс болғандардың ең көбі Шымкентте – 4 науқас. Алматы қаласы мен Павлодар облысында – 3, Қарағанды, Жамбыл, Алматы және Ақтөбе облыстарында – 2, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында – бір адам.   [caption id="attachment_171457" align="aligncenter" > Фото: ДСМ-нен алынды[/caption]

Бүгін коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 960 мыңнан асты.