«Jas Otan»: «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
«Jas Otan»: «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Фото: bolashaq.edu.kz
198
оқылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Jas Otan» жастар қанаты «Jastar – Оtanǵa!» жастар сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Сыйлық үздік белсенділер мен волонтерлерді жемісті қоғамдық қызметі үшін марапаттау мақсатында тағайындалды. Бұл бастама биыл маусым айында Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің Biz Birgemiz! қозғалысының волонтерлерімен кездесуінде айтылды. «Өздеріңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев волонтерлікті жаппай дамыту қажеттігіне назар аудара отырып, 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады: «Бүкіл әлемдегі жастар – еріктілік пен қайырымдылықтың қуатты ресурсы, ал волонтерлік – бұл жастардың еңбек нарығына жылдам бейімделуіне көмектесетін және олардың одан әрі өзін-өзі көрсетуіне ықпал ететін тетік». Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2020 жылды Еріктілер жылы деп жариялауы ұлттық ауқымдағы волонтерліктің дамуына жүйелі серпін берді. Мемлекет басшысы Birgemiz республикалық волонтерлер фронт-офисін жеке ашып, Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының құрметті елшісі болды. Жастар өздерін көрсете білді, қоғам үшін көп нәрсе жасай алды. Бүгін ерікті болу – трендте болу. Осыған байланысты біз жыл сайынғы «Jastar – Оtanǵa!» сыйлығын бекіттік», – деп атап өтті Бауыржан Байбек.    width= Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 16-35 жас аралығындағы жастар қатыса алады.

Өтінімдерді келесі номинациялар бойынша беруге болады:

  1. «Жылдың волонтерлік жобасы»;
  2. «Үздік студенттік жоба»;
  3. «Jas Otan» ЖҚ жыл белсендісі»;
  4. «Жыл қаһарманы»;
  5. «Үздік волонтер»;
  6. «Әлеуметтік желілерде волонтерлікті насихаттағаны үшін»;
  7. «Jas Otan» ЖҚ аймақтық үздік филиалы».

Өтінім беру талаптарымен www.jasotan.kz сайтынан таныса аласыздар. Өтінімдер 2021 жылғы 17-28 қараша аралығында JastarOtanga21@gmail.com электрондық поштасына қабылданады. Қосымша сұрақтар болса, @jas_otan direct-не жазуға болады.