Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жалақысы қанша екенін айтты. Облыс әкімінің айтуынша, өңір басшысы екі жыл бойы еңбек демалысына шықпаған.
"Менің қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген жалақым – 986 мың теңге. Оған қоса, биылдан бастап 1,9% арттыру туралы шешім қабылданды. Мен бірден еңбек демалысын рәсімдедім. Өйткені, екі жыл бойы демалысқа шықпаған едім. Қазір кейінгі жалақым 986 мыңды 1,9-ға көбейтсеңіз, шамамен 1 миллион 800 мың теңге", – деді Гүлшара Әбдіқалықова.