Алматыда ер адам әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті
Алматыда ер адам әйелін жұмыс орнында өлтіріп кетті
© the-village.ru
106
оқылды
Алматыда ер адам әйелін қызғаныштан жұмыс орнында өлтірді, – деп хабарлады қалалық Полиция департаменті. Алматының полиция қызметкерлері қаладағы дүкендердің бірінде өз әйелін өлтірген ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Әйел көптеген пышақ жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Оқиға Алматының Наурызбай ауданындағы супермаркетте болған.
"Дүкенге келушілер қан жоса болған әйелді тауып алып, полиция шақырған. Белгілі болғандай, ерлі-зайыптылар таңертеңнен бастап телефонмен ұрысқан.  Ашулы күйеуі дүкенге келген" делінген хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады. Өлімге қызғаныш себеп болуы мүмкін. Қайтыс болған әйелдің таныстары мен әріптестерінің айтуынша, ерлі-зайыптылар жиі жанжалдасқан. Соңғы бірнеше айда олар ажырасқалы жүріпті. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Тергеу аяқталған соң іс сотқа жіберіледі.  ҚР ҚК 99 бабы "Адам өлтіру" бойынша ер адам 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұған дейін АҚШ-та жоғары лауазымға ұсынылған Сәуле Омарованы ұрлық жасады деп айыптағаны туралы хабарлаған болатынбыз.