Степногорск қаласында әйел адам қайтыс болған науқастың ақшасын ұрлап кетті
Степногорск қаласында әйел адам қайтыс болған науқастың ақшасын ұрлап кетті
129
оқылды
Степногорск қаласында әйел адам қайтыс болған науқастың банк картасындағы ақшасын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 қарашада Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан ұрлық туралы арыз келіп түсті. 29 қазан мен 8 қараша аралығында «Halyk Bank» банк картасынан 309 мың теңге сомасында ақша қаражаты ұрланғаны анықталды. Банк картасы 8 қарашада қайтыс болған науқасқа тиесілі болып шықты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті әйелді анықтады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.