Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын зілтеміршілер белігілі болды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Алматы облысында "Ақбұлақ" Олимпиадалық орталығында әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жұмыстарын пысықтап жатыр. Әлем біріншілігі 7-17 желтоқсан аралығында Өзбекстан астанасы - Ташкент қаласында өтеді. Аталған әлем чемпионатында ел намысын бес спортшы қорғайды. Олар: Арли Чонтей (55 келі) Нұрғиса Әділұлы (96 келі) Артем Антропов (96 келі) Карина Күзғанбаева (81 келі) Айзада Муптильда (87+ келі)