Нұр-Сұлтанда көліктерді қиратқан ер адам ұсталды
Нұр-Сұлтанда көліктерді қиратқан ер адам ұсталды
113
оқылды
Елордалық тұрғын тұрақта тұрған көліктерді бүлдіргені үшін ұсталды, - деп хабарлайды  Полиция департаменті баспасөз қызметі. Көліктерді тепкілеп жатқан ер адам туралы хабарлама тәртіп сақшыларына 18 қарашада сағат 00.58-де түскен. Оқиға Vivat Promenade тұрғын үй кешенінің маңында болған. Үй тұрғындары бұзақыны ұстап, полиция қызметкерлеріне тапсырған.
"Ол 30 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол алты көлікке зақым келтірген, оның иелері полицияға жүгінді. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр", - деді ведомство өкілдері.
Ер адамнан сараптама алынып, ол жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталған.