Жеңілмеген қазақстандық боксшы WBO титулы үшін жекпе-жекке шығады
Жеңілмеген қазақстандық боксшы WBO титулы үшін жекпе-жекке шығады
155
оқылды
Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Мейірім Нұрсұлтановтың (15-0, 8 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz. BoxRec.com мәліметінше, Нұрсұлтанов рингке 2022 жылдың 15 қаңтарында Ақтауда ресейлік Андрей Сироткинмен (19-1-1, 7 КО) шығады. Олар орта салмақтағы WBO International титулы үшін жұдырықтасады. Мейірім бұған дейінгі айқасын да Ақтауда 6 қарашада өткізген еді, ол төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Дмитрий Атроховты (16-12, 7 КО) жеңген болатын. Ал Сироткин Болтонда (Англия) 17 сәуір күні жекпе-жек өткізіп, WBO European титулы үшін айқаста жергілікті боксшы Дэнни Дигнэммен (13-0-1, 7 КО) тең түсті.