Жәнібектің екінші кездесуі өтеді
Жәнібектің екінші  кездесуі өтеді
Қазақстандық боксшы Жә­ні­бек Әлімханұлы (10-0, 6КО) кәсіпқой рингтегі 11-ші кездесуін өткізу үшін Лас-Вегас (Невада штаты) қаласына келді. 28 жастағы қазақстандық­тың келесі қарсыласы – француз боксшысы Хассан Н'Дам Н'Жикам (37-5, 21КО). Бұл кездесу TOP RANK промоутерлік орталығының PPV трансляциясы арқылы өтеді. Кештің басты жекпе-жегі қос америкалық боксшы Теренс Кроуфорд (37-0, 28КО) және Шон Портер (31-3-1, 17КО) кездесуінің андеркартында жоспар­ланған. Кездесуді 21 қараша күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таң­ғы 08.00-де Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл – Жәнібектің 2021 жылғы екінші кездесуі. Маусым айында ол америкалық боксшы Роб Брантты жеңіп, өзінің орта салмақтағы WBO Continental Americas атағын үшінші мәрте қорғады.

Н.ОРАЗҒАЛИ.