Қарағанды қаласында Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрында жазушы, талантты драматург және ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Софы Сматаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған «Арқаның аңызы, Алаштың абызы» атты шығармашылық кеш өтті. Мерейтой иесі Қарағанды облысының Киік стансасында дүниеге келген. Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітірген. Мәскеудегі «Орақ және балға» зауыттарында, Ново-Тульский металлургия зауытында, Қазақ КСР Ғылым академиясының Металлургия және байыту институтында инженер болып жұмыс істеді. Бірақ техникалық білім оның көп жанрлы жазушы болуына кедергі болмады. Ол – «Елім-ай», «Ақжелең», «Бұлақ», «Мәңгілік бастау» және т.б. белгілі романдардың авторы. Қаламынан шыққан «Алау», «Алғашқы асу», «Қайран жастық» әңгімелері оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасына ие болды. Сондай-ақ «Мен тірімін» поэмасын жазды. Онда автор өзінің өмірі мен шығармашылығы туралы және жасына қарамастан, өз жанкүйерлерін құруға және қуантуға дайын екені туралы айтады. Мереке «Тұлға» фильмінің тұсаукесерінен басталды. Онда жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы айтылады. Мерейтой иесінің өзі де шет қалмады – өз өлеңдерін оқыды. – Қарағандылықтар жерлестерін мақтан тұтады. Сіздің әдебиет әлеміне сыйлаған шығармаларыңыз бен аудармаларыңыз, өлеңдеріңіз бен пьесаларыңыз қазақ әдебиетінің бағалы қазынасы болды. «Елім-ай» романы қазақ әдебиеті тарихында ерекше орын алады. Қазақ халқының даңқын асырған бұл туынды өткенге үңіліп, бүгінгі күннің жетістіктерін бейнелейді, – деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов құттықтау сөзінде. Шығармашылық кеште Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрының актерлері Софы Сматаевтың шығармаларын оқыды. Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері қатысушыларға әдемі әндер мен керемет әуендер сыйлады.
Әдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ, Қарағанды облысы