Атырауда 580 мың теңгенің алтын әшекейін ұрлаған ұры ұсталды
Атырауда 580 мың теңгенің алтын әшекейін ұрлаған ұры ұсталды
Фото: news.myseldon.com

Құны 580 мың теңге тұратын алтын әшекейді ұрлаған ер адам ұсталды. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 9 қарашада болған.

«Атырау қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, күндіз үйінен алтын бұйымдары ұрланғанын хабарлады. №1 қалалық полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шарасына кірісті. Нәтижесінде, күдікке ілінген 1984 жылғы жергілікті тұрғын анықталып, ұсталды. Тергеу күдікті иесінің жоқтығын пайдаланып, үйге терезе арқылы кірген. Жатын бөлмедегі шкафтан алтын мен гауһар тасы бар бұйымдарды ұрлап, жәбірленушіге 580 мың теңге залал келтіргені анықталды. Үй ұрысы ұрлаған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп жіберген», – деді полицей.

Тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін жалға алған пәтердегі теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген қыз туралы жазған болатынбыз.