Әкесінің малын ұрлап, сатып жіберген ер адам ұсталды
Әкесінің малын ұрлап, сатып жіберген ер адам ұсталды
Фото: www.nur.kz
126
оқылды

Polisia.kz-тің жазуынша, Түркістан облысында әкесінің малын ұрлап, сатып жіберген ер адам ұсталды.

Түркістан облысы Ордабасы ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын малын белгісіз біреу ұрлап кеткеніне арызданған. Жәбірленушінің екі қошқары мен бір бұзауын ұрлап, оған жалпы көлемі 180 мың теңге шығын келтірген. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша тіркелді.

Полицейлер жан-жақты тексеру жүргізіп, күдіктіні анықтады. Күдікті жәбірленушінің баласы болып шықты.

Яғни, жігіт күндізгі сағат 15:00 шамасында үйінің ауласындағы жүрген малды ұрлап, мал базарға апарып сатып жіберген.